Жексенбі күні Павлодар облысында қар мен жаңбыр жауады

Жексенбі күні Павлодар облысында қар мен жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Күндіз сынап бағанасы 0...-2 °C көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Облыстың басым бөлігінде қар жауады,  солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран мен көктайғақ күтіледі.

Павлодарда таңертең қар, бұрқасын болады деп болжануда. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. 

Солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр жауады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің батысында шаңды дауыл сақталады.