Павлодар облысында сайлау белсенділігін арттыру жобасы жүзеге асты

Павлодар облысында сайлау белсенділігін арттыру жобасы жүзеге асты
Фото: жасанды интеллект

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – сайлау жасындағы азаматтарға арналған семинарлар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында сайлау жасындағы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің электоралдық белсенділігін арттыруға бағытталған жоба жүзеге асырылды.

2026 жылғы мамыр-тамыз айлары аралығында Павлодар облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.

«Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің электоралдық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «KAISAR-KZ» қоғамдық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылды.

Жоба аясындағы негізгі бағыттардың бірі – сайлау жасындағы азаматтарға арналған семинарлар. Кездесулер барысында қатысушылардың сайлау құқықтары мен міндеттері, сайлау заңнамасының негіздері, сондай-ақ саналы таңдау мен азаматтық жауапкершіліктің маңызы туралы білімін арттыруға басымдық берілді, – дейді ұйымдастырушылар.

Олардың айтуынша, мұндай ақпараттық іс-шаралар азаматтардың сайлау процесі туралы білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.

Саналы таңдау жасау – азаматтың өз пікірін білдіруі ғана емес, ел мен өңірдің болашағына жауапкершілікпен қараудың бір көрінісі. Сондықтан азаматтардың өз сайлау құқықтарын білуі және қоғамдық процестерге белсенді қатысуы азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.