Павлодарлық спортшылар Бакудегі халықаралық турнирде топ жарды

Жарыста сегіз елдің боксшылары бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баку қаласында (Әзірбайжан) 2009-2010 жылы туған кадеттер арасында бокстан «Гейдар Әлиев кубогы 2025» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Түркия, Грузия, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Черногория, Қазақстан және Әзірбайжан құрамалары қатысты.
Қазақстан сапында өнер көрсеткен Павлодар облысы олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің (ОРММИК) тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды. 57 келі салмақта Аделаида Садвакасова алтын медаль жеңіп алды. 50 келі салмақта Ақерке Сердалы мен 52 келіде Бишлер Виктория қола жүлде иеленді.
Жетістіктер тәжірибелі жаттықтырушылар Марат Қырықбаев пен Болат Дарьяновтың жетекшілігімен мүмкін болды. Бұл жеңіс павлодарлық жас спортшылардың халықаралық аренадағы әлеуетін көрсетті.