Павлодарлық спортшылар халықаралық турнирде топ жарды

Павлодарлық спортшылар халықаралық турнирде топ жарды
Фото:деді Жасыбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Испанияда әйелдер күресі бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

19-21 сәуір аралығында Испанияның Ла-Нуссия қаласында U-20 жасөспірімдері мен U-23 жастары арасында әйелдер күресі бойынша «Jovenes Promesas» халықаралық турнирі ұйымдастырылды. 

– Софья Змазнева 62 келі салмақ дәрежесінде екі жас тобында екі алтын жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті, – деді Жасыбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде. – Сондай- ақ, біздің түлегіміз Камила Әпекова 50 келі салмақ дәрежесінде халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, жүлдегер қыздардың бапкері, еркін күрес бөлімшесінің жаттықтырушысы Михаил Цыбанев.