Павлодарлық спортшылар республикалық турнирде қанжығасын майлады

Павлодарлық спортшылар республикалық турнирде қанжығасын майлады
Фото: Спорт басқармасы

Турнир муай-тай спортынан өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық «Бірлік» спорт кешенінде Бөгенбай батырды еске алуға арналған республикалық турнир қорытыдыланды. Аталмыш жарыс жас ерекшеліктеріне қарай үш бөлім бойынша өтті – жастар, жасөспірімдер, бозбалалар. Байқау нәтижесі бойынша жерлестеріміз 10 жүлдеге ие болды. 

Әли Сағынбаев, Рахат Амантай, Диана Әлсейітова, Анжелика Богдан, Асылан Дінмұхаммед, Райымбек Асылбек, Анеля Құсайынова жүлделі екінші орын алса, Диас Жүнісов, Алдияр Қайыр, Айдын Жолданов үшінші орынға табан тіреді.