Павлодарлықтар үйлеріне көбінесе жасанды шырша қояды

Павлодарлықтар үйлеріне көбінесе жасанды шырша қояды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен жылы әкелінген бес мың жаңа жылдық ағаштың бір жарым мыңы сатылмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев, негізінен жаңа жылдық шыршалар Ресейден әкелінетінін атап өтті.

– Былтыр сатылмай қалған шыршалар халықтың жасанды шыршаларға көшіп, табиғатқа ұқыпты қарайтындығын көрсетеді. Бұл ретте, желтоқсан айында елімізде қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғау акциясы басталады. Базарлар мен шыршаларды сату нүктелерінің мониторингілеу топтары құрылуда. Өткен жылы өңірде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің екі фактісі тіркелді, –  деді инспекциясы басшысы.

Айта кетерлігі, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 50 АЕК-тен немесе 184600 теңгеден 500 АЕК-ке дейін немесе бір миллион 846 мың теңгеге дейін айыппұлпен жазаланады.

Еске сала кетейік,  Павлодар облысында жаңа жылға қалаларды безендіруге жыл сайын елу-алпыс миллион теңге аралығында қаржы бөлінеді.