Павлодарда қосымша ғимараттың есебінен мектепте орын саны артты

Павлодарда қосымша ғимараттың есебінен мектепте орын саны артты
Фото: Константин Шелков

Бұл ғимарат бастауыш сыныптарына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен қаланың ең ірі мектептерінің бірі – Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебіне қосымша салынған ғимараттың салтанатты ашылуы өтті. Қосымша салынған ғимараттың есебінен оқушыларға арналған орындардың саны 324-ке артты. Бүгінгі таңда мектепте 2303 оқушы оқиды. 

Төрт қабатты ғимарат 2-4-сынып оқушыларына арналған, оған 13 оқу кабинеті кіреді. Кабинеттер заманауи жиһазбен және техникалармен жабдықталған. Мармит және ас үй аймағы бар асхана залы, спорт залы, 110 орындық мәжіліс залы және медициналық пункт бар. Спорт залында жуынатын бөлмелер, психолог, әдістемелік, логопед кабинеттері, серверлік, хореографиялық студия, бейнелеу студиясы бар.

Халықтың кіші мобильді топтары үшін жүк көтергіштігі 630 кг жолаушылар лифті және пандустарды орнату көзделген. Құрылысты «ГСУ Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. Құрылыс жұмыстары жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгені құрайды.