Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Астанада өткен олимпиадада үздік атанды
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 110 оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана қаласында Ы. Алтынсарин атындағы «Бином» мектебінде тоғызқұмалақтан 2-11-сынып оқушылары арасындағы олимпиада өтті. Оған Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облысы, Павлодар, Маңғыстау, Жетісу, Жамбыл облыстарынан 11 команда, Астана қаласынан екі команда және Бином командасы қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 110 оқушы.
Жарыс нәтижелері бойынша жалпыкомандалық орындар келесідей бөлінді: бірінші орын – Павлодар облысы, екінші орын – Алматы қаласы, үшінші орын – Астана қаласы.
Ұлдар арасында бірінші орынды – Павлодар облысы, екінші орынды – Маңғыстау облысы, үшінші орынды Ақтөбе облысы қанжығасына байлады.
Ал қыздар арасында бірінші орын – Павлодар облысына, екінші орын – Астана қаласына, үшінші орын Алматы қаласына бұйырды.