Павлодарлық трассада жолаушылар болған автобус бұзылды

Павлодарлық трассада жолаушылар болған автобус бұзылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

21 желтоқсанда сағат 02:50-де «112» операторының пультіне «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолында, Шідерті кентінен 5 шақырым жерде жолаушылармен автобустың бұзылуы туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл жерге ТЖД қызметкерлері жедел келді. Көлік құралының жанармай беру жүйесі бұзылғаны анықталды. Автобуста вахталық жұмысқа жіберілген Қазақстан Республикасының 35 азаматы болды.

Эвакуацияланған жолаушылар Шідерті кентіндегі жылыту пунктіне, атап айтқанда мешітке орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады. Кейін жолаушылар өз маршруттары бойынша жолға шықты.