Павлодарлық төтенше жағдай тудырған көлік жүргізушісіне шағымданды
Оның ерсі әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күн сайын Instagram-дағы @dp_pavlodar парақшасына түрлі бұзушылықтар туралы бейнежазбалар мен хабарламалар келіп түседі. Дәл сондай жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты тағы бір шағым келіп түскен.
- Оқиға 1 ақпан күні Павлодар қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы - ак.Шөкин көшесі қиылысында болған. Мұнда 48 жастағы жүргізуші Нива маркалы көлікті басқара отырып, төтенше жағдай туғызды. Осылайша ол жол қозғалысының басқа қатысушысына кедергі келтіріп, қарсы бағыттың жылдамдығын күрт өзгертуге мәжбүрледі, - делінген хабарламада.
Жол қозғалысында қиындық тудырған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Әрі 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Айта кетелік, жыл басынан бері осындай бұзушылыққа жол берген 26 адам жауапқа тартылған.