Павлодарлық университеттерде қыздарға қарағанда студент жігіттер басымырақ келеді

Павлодарлық университеттерде  қыздарға қарағанда студент жігіттер басымырақ келеді
Фото: Константин Шелков

Өңірдегі жоғары оқу орындарының жартысы – жекеменшік, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс статистика басқармасының мәліметінше, 2024-2025 оқу жылының басында үш университет пен бір институт жұмыс істеген.

Студенттер саны 3,9 пайызға өсіп, 15 063 адамды құрады, оның ішінде қыздар – 47,4%. Барлық студенттер күндізгі бөлімде оқиды.

Биыл оқуға 5093 студент қабылданды. Оның ішінде жалпы орта білім базасында – 44,4 пайыз, техникалық және кәсіптік білім беру базасында – 46,8 пайыз, қалғандары жоғары білім базасында.