Павлодарлық велоспортшы Өзбекстандағы жарыста үш медаль жеңіп алды

Павлодарлық велоспортшы Өзбекстандағы жарыста үш медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкентте Silk Road Namangan халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Турнирде спортшылар веложарыстың 9 түрінен сынға түсті. Қазақстандық спортшылар медальдің барлық түрін еншіледі. 

Оның ішінде павлодарлық Рината Сұлтанова топтық жарыс пен омниум бойынша қола жүлдегер атанды. 

Ал, командалық спринт бойынша Рината Сұлтанова өзбекстандық екі қызбен бір командада өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді. 

Еске салайық, наурыз айының басында Рината Сұлтанова Түркияның Алания қаласында өткен Grand Prix Alanya Cup жарысында 80 шақырымдық жарыста күміс медаль иегері атанған болатын.