Павлодарлық волейболшылар Қазақстан кубогының иегері атанды
Облыс әкімі жеңімпаз волейболшылармен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Асайын Байханов Қазақстан кубогын жеңіп алған «Павлодар» ерлер волейбол клубын сенімді жеңісімен құттықтады.
Облыс әкімі Асайын Байханов «Павлодар» волейбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамын сенімді жеңісімен құттықтады.
– Тоғыз жылдан кейін волейболдан ерлер командалары арасында өткен Қазақстан кубогындағы жеңістеріңізді мақтан тұтамын. Осымен «Павлодар» волейбол клубы үш дүркін жеңімпаз атанып отыр, – деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде.
Асайын Байханов осы маусымда Қазақстан чемпионатында көшбасшылық позицияны ұстап қана қоймай, келесі жылдың мамыр айында Азия клубтық чемпионатында медаль жеңіп алу міндеті тұрғанын атап өтті.
Өз кезегінде спортшылар облыс әкіміне команда ойыншыларының қолтаңбалары қойылған волейбол добын сыйға тартты.