Павлодарлық жас айтыскер жасанды интеллект көмегімен сөз мергені атанды

Павлодарлық жас айтыскер жасанды интеллект көмегімен сөз мергені атанды

Ол 300 мың теңге ұтып алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Елордада өткен «Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысынан Павлодар облысының оқушысы жүлделі орынмен оралды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 22 жас айтыскердің арасында Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбай II орынға ие болды.

Мейіржан «Жасанды интеллект дәуіріндегі жасампаз жастар» тақырыбында сөз сайысында тапқыр ойы, шешендігімен қазылардың жоғары бағасына ие болды. Жас ақындардың өнеріне белгілі айтыскер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайыт, танымал айтыскер ақындар Өміржан Көпбосын, Еркебұлан Қайназаров, Иран-Ғайып Күзембаев сынды белгілі тұлғалар баға берді.

Республикалық жас ақындар айтысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» қоры, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» және Еуразия ұлттық университетімен бірлесе ұйымдастырылды.

Дарынды шәкірттің өнердегі жеңісіне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі – Асығат Тұрғанбек.