Павлодарлық жас спортшы таэквондодан Қазақстан кубогінің чемпионы

Павлодарлық жас спортшы таэквондодан Қазақстан кубогінің чемпионы
Фото: ПМПУ

Марғұлан университетінің студенті бұған дейін Қазақстанның екі дүркін чемпионы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Марғұлан университенінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Рафаел Чичоян Семей қаласында таэквондо ITF бойынша ересектер мен жастар арасында өткен Қазақстан кубогының абсолютті жеңімпазы атанды. Ауқымды турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 800-ден астам спортшы қатысты.

- Рафаел біздің университеттің 1-курс студенті.  Ол 16-17 жас аралығындағы 75 келіге дейінгі категорияда сынға түсті. Спортшы үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Финалда шымкенттік қарсыласымен кездесіп, жастар арасындағы ҚР кубогында 1-орынға ие болды, - делінген хабарламада.

Рафаелді Павлодар облыстық ITF таэквондо федерациясының президенті, халықаралық нұсқаушы, VI дан иегері Шакилов Азамат Бекболатұлы дайындайды.

Айта кетелік, Рафаел – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионатының чемпионы, 2023 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2022, 2023 жылғы Қазақстанның екі дүркін чемпионы.