Павлодарлықтардың симфониялары Италияда шырқалады

Павлодарлықтардың симфониялары Италияда шырқалады
Фото: Павлодар облыстық филармониясы ұсынды

Ұжым үшін бұл - алыс шетелге алғашқы гастрольдік тур емес, дейді @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Иса Байзақов атындағы филармонияда ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахимжановтың жетекшілігіндегі симфониялық оркестр үшін шығармашылық маусым үлкен халықаралық жобалардың арқасында ерекше болатынын айтады.

Жобалардың бірі – Жерорта теңізі бойындағы қалаларда өтетін гастрольдік турға қатысу.

– Ұжым өткен маусымда мәдениет және музыка саласының өндірісі және таратылуымен айналысатын ұйымның президенті және ресми өкілі, италиялық профессор Леонардо Квадриниден шақырту алды, – деп мәлімдеді филармонияда.

Павлодарлық ұжымның кәсіби шеберлігі 2017 жылы Италияда өткен гастрольдік сапарларда италиялық маэстроға жақсы әсер қалдырған болатын. Сауық-кештер Рим, Милан және Аппенин түбегінің басқа қалаларында өткен еді.

Италиядағы гастрольдік сапарлар 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады. Симфониялық оркестр 12 сауық-кештерін Капуа, Сорренто, Беневенто, Террачина, Перуджа, Тоди, Агеролла қалаларында өткізеді. 

Гастрольдің бағдарламасына Дж.Россини, Дж.Мартуччи, Ж.Бизе, К.Сен-Саса, И.Штрауса, И.Брамсаның шығармалары кірді, ал ұлттық музыка Еркегали Рахмадиевтің шығармашылығынан ұсынылады. 

Сонымен қатар, турға Албания және Болгария елдерінің музыканттары қосылды.

Филармонияда гастрольдік сапарды ұйымдастыруға Павлодар облысының әкімдігі үлкен үлес қосқанын атап өтті.