Павлодарлық жастар еліміздің батысында логикасымен көзге түсті

Оралда тоғызқұмалақтан жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ірі турнир Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 400-ден астам спортшының басын қосты. Жарыста Павлодар облысының өкілдері де қатысуда. Классикадағы ойындар аяқталды.
Олардың қорытындысы бойынша бірінші орындарды павлодарлықтар Жәмила Баилдяшева, Тамерлан Сапар, Елдана Оралбай және Азамат Халел иеленді. Тағы үш жерлесіміз жүлделі орындарға ие болды.
Алда спортшыларды рапид және блиц жарыстары күтіп тұр. Турнир 3 сәуірге дейін жалғасады. Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте бірінші орында келеді.