Қазақстанда су ресурстарын қорғау жөніндегі жаңа комитет құрылды
Ведомство судың «қара нарығына» қарсы күресті күшейтуге арналған, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ елдің су объектілеріндегі құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күресетін болады.
– Министрлік суды заңсыз пайдаланумен күресті ерекше бақылауға алады. Біз заңнамаға енгізген өзгерістермен бірге бұл «қара су нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуге тиіс, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елдің су ресурстарын қорғауға бағытталған.