Павлодарлық құтқарушылар балалардың судағы қауіпсіздігіне алаңдаулы

Павлодарлық құтқарушылар балалардың судағы қауіпсіздігіне алаңдаулы
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл сайын жазғы іс-шаралар жоспары өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Су айдындарында азаматтардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі кезеңнің басынан бері 1164 рейд жүргізілді.

Көктем мезгілі басталғалы бері Павлодардың бес тұрғыны суға түскені үшін жазаланды. Олардың екеуі балаларын су айдындарына қараусыз қалдырған ата-ана. Әрқайсысы 27 524 теңге сомасында айыппұл төледі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қыдыржан Нәскенов өткен жылы Баянауыл ауданында Торайғыр көлінде сегіз адам суға батып кеткенін, олардың ішінде екі бала болғанын еске салды. Ал биыл Тереңкөл ауданында бір адам суға батып кетті. Ол жуырда Железин ауданындағы жағалаудан табылды. Сондықтан құтқарушылар суға түсу маусымында балалардың қауіпсіздігіне үлкен мән беріледі.

Тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүгінге дейін облыста 84 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік жоспарын жүзеге асыруға жұмсалады. Әр жазда жоспар өзгереді: жағажайлар бейнекамералармен жабдықталады, жазатайым оқиғалар орын алған жерлерде рейдтер күшейтіліп, суға батқандар саны жазылған баннерлер орнатылады.

– Рейдтер тіпті түнде тепловизоры бар ұшқышсыз ұшатын аппараттар арқылы жүргізіледі. Дрондар мен квадроциклдерді де пайдаланамыз, өйткені жазда кешкі уақытта адамдар спиртті ішімдік ішіп, мас күйінде суға түседі, – деп толықтырды төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Темірлан Жапалбай.

Суға түсу маусымы басталмас бұрын департамент қызметкерлері өтінімдер бойынша суда құтқарушыларды оқытады. Өтініштер әлі де қабылдануда, бір ғана Павлодар қаласы бойынша 16 өтініш жиналды. Кеше Екібастұз бен Ақсу қалаларының болашақ құтқарушылары оқуға жіберілді. Ал балаларды жергілікті бассейндерде жүзуге үйрету сабақтары өтуде, бүгінде 5200 мектеп оқушысы жүзе алады.