Ақсуда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер үшін шенеунік жазаланды

Ақсуда мерзімі өтіп кеткен кәмпиттер үшін шенеунік жазаланды
Фото:pixabay.com

Тәртіптік жазаны облыстық білім беру басқармасы тағайындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Жаңа жылдық шырша кезінде мерзімі өткен тәтті сыйлықтар таратылды. Әлеуметтік желіде ата-аналар қатты және біртүрлі иісі бар кәмпиттерге шағымданған. Ақсу қаласының білім беру бөлімі тәтті сыйлықтарды жабдықтаушы әкелгені туралы хабарлаған. 

Облыстық білім беру басқармасы Ақсу қаласының білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловқа тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық шығарды. Оған мерзімі өткен тәтті сыйлықтарды тарату түріндегі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін ескерту берілді. 

Еске сала кетейік, Ақсуда болған келеңсіз жайтқа байланысты қала әкімі Нұрлан Дүйсембинов кешірім сұраған болатын.