Павлодарлық құтқарушылар балаларға арнап ерекше көрме әзірлеуде

Павлодарлық құтқарушылар балаларға арнап ерекше көрме әзірлеуде

Шара орталық жағалауда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТЖ басқармасының мәлімдеуінше, балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өрт сөндіру техникасының, құтқару бөлімшелерінің жабдықтарынан көрме өтеді. Сонымен қатар, балалармен "судағы қауіпсіздік", "өрт қауіпсіздігі" және "көңілді старттар" тақырыбында сайыстар ұйымдастырылады.

Құтқарушылар қаланың кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналарын 1 маусым күні сағат 11.30-да орталық жағалауда (Қайырбаев түсуі) күтеді.

Бұдан бөлек, облыстық білім басқармасында балаларға арналған қызықты бағдарлама дайындалды. Мерекелік іс-шаралар төменгі жағалауда "Shattyq bala fest" гала-фестивалімен басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Білім басқармасы (@bilim_basqarmasy)