Павлодарлық атты патруль қалай жұмыс істейді

Полиция @Pavlodarnews.kz тілшісіне аттың көлік патрулінен айырмашылығын айтып берді.
Павлодар жол-патрульдік полиция батальоны кавалериялық взводының командирі Бердібек Даяндах Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз турында 19 патрульдік қызметкердің әрқайсысында 15 ат бар екенін мәлімдеді.
Өткен жылдың басынан бері оңтүстік полиция бөліміне қарасты «Строитель», «Южный», «Энтузиаст», «Яблонька» және «Металлург» саяжай бірлестіктері ат патрулімен күзетіледі. Саяжай маусымы басталғалы күн сайын кавалерия сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін кезекшілік етеді. Атты патруль алғашқы аязға дейін жұмыс істеуде.
– Жыл сайын пайдаланылмай жатқан саяжайларды аралап, түнеп, металл, егін ұрлап, алкогольдік ішімдік ішетін қаңғыбастардың саны артып келеді. Бағбандардың өздері қоқысты өртеп, бір-бірінен ұрлық жасайды. Біз әрбір тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, – деді командир.
Өткен маусымда полицейлер жүзге жуық маскүнемді ұстаған. Атты патрульдік қызмет атқарған алты жыл ішінде үш қылмыс ашылды: ұрлық және есірткі сақтау бойынша екі жағдай. Қызметкерлер әр тұрғынның өткізу құжаттарын да тексереді.
Кез келген бұзушыны ұстау жағынан жылқылар көліктен әлдеқайда артық. Мұны барлық кавалеристер растайды.
– Атпен патрульдеудің артықшылығы – олар кез келген жерден өте алады, әсіресе көктемде дала еріп жатқанда қолайды. Көліктер батпақта тұрып қалады. Сондай-ақ, шөп басып кеткендіктен, кей жерлерде жаяу жүру мүмкін емес. Атқа мініп, бұзушыларды қуып жету оңай, ат кез келген көліктен жылдамырақ болады, – деп атап өтті Бердібек Даяндах.
Полицияда жұмыс істейтін жылқылар жақсы үйретілген, қатты дыбыстардан қорықпайды.
– Біз өзімізбен әрқашан қару ұстайыз, бірақ оларды ешқашан пайдаланбадық. Бұзушылар атты көргенде сасып қалады, көбі олардан қорқады, сол кезде тәртіп бұзушыларды ұстау оңайырақ, – дейді атты кавалериялық взводының командирі Даниял Егоров.
Әрбір полиция қызметкеріне жеке ат тағайындалады. Жұмысқа орналасар алдында барлығы қалалық ат спорты федерациясында атқа мінуді үйреніп, сертифактпен ғана қызмеке кіре алады.