Павлодарлық құтқарушылар әріптестеріне жоғалған балықшыны табуға көмектесті

Павлодарлық құтқарушылар әріптестеріне жоғалған балықшыны табуға көмектесті

Ер адам суға батып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық құтқару жасағының мәлімдеуінше, 18-25 қараша аралығында Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері С.Шериязданов пен И.Кулешов Абай облысының құтқарушыларына Шүлбі су қоймасында жоғалған балықшыны іздеуге көмекке барды.

Құрылымдық эхолоттың көмегімен 12 мың шаршы метрден астам су қоймасының түбі зерттелді. Іздеу нәтижесінде балықшының денесі табылып, полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырылды.