Менің атым Қожа: Павлодар театрында кітап көрмесі ашылды

Менің атым Қожа:  Павлодар театрында  кітап көрмесі ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрме «Берен талант Бердібек»  деп аталады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Кітап және сахна» жобасы бойынша Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында «Менің атым Қожа» спектаклінің алдында «Берен талант Бердібек» атты кітап көрмесі ашылды.

Бердібек Соқпақбаев отандық әдебиетті дамытуға, сондай-ақ жастарды тәрбиелеуге зор үлес қосты. Жазушының шығармалары өмірбаянға негізделген, елімізде және шет елдерде кеңінен танымал болды. Автордың сценарийі бойынша түсірілген «Менің атым Кожа» фильмі Канн халықаралық кинофестивалінде сыйлыққа ие болды.

Көрермендер мен актерлердің назарына кітап көрмесінде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы 50-ге жуық басылым ұсынылды. Оның ішінде «Менің атым Қожа», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың, Гауһар», «Балалық шаққа саяхат»,  «Жұлдыз», «Мәдениет», «Простор», «Жалын» және т.б. журналдардан мақалалар қойылды.