Екібастұздағы барлық мектептер қашықтықтан оқуға ауыстырылды

Екібастұздағы барлық мектептер қашықтықтан оқуға ауыстырылды

Балабақшалар мен кезекші топтар жұмысы да онлайн форматқа көшті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова мәлім етті. 

– Бүгіннен бастап барлық оқушылар қашықтықтан оқиды. Балабақшалар мен кезекші топтар да, – деді Лаура Дисюпова.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қала тұрғындары жылу жетіспеушілігіне шағымдануда. 

Еске салайық, 6 ақпан күнгі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша қаланың ЖЭО-сында төрт қазандық жұмыс істеп тұрған.

Фото: Константин Шелков