Павлодарлықтар Абай облысының тұрғындарына қалай көмек қолын соза алады
@Pavlodarnews.kz редакциясы көрші аймақтағы табиғи апатқа бей-жай қарамайтын, көмек бергісі келетін қала тұрғындары үшін бірнеше нұсқаны ұсынады.
Еліміздегі ондаған еріктілер ұйымы мен компаниялар Абай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау туралы хабарлама жариялады. Осы ретте көрші аймақтағы апатқа Ертіс-Баян өңірінің халқы да қиын кезде абайлықтарды демеп, бірге екендіктерін көрсете білуде.
Азық-түлік және қажетті заттар
Аталған гуманитарлық көмек "AMANAT" партиясының облыстық филиалында жиналады. 12 маусымда партиялықтар консервілерді, макарондарды, дәрі-дәрмектерді, сусындарды, суды, бір реттік ыдыс-аяқ пен гигиеналық заттарды жинап үлгерді. Дейтұрғанмен, павлодарлықтар қажетті заттарды, тез бұзылмайтын тағам өнімдерін әлі де жеткізіп бере алады. "Аманатта" гуманитарлық көмекті 13 маусым күні сағат 10:00-ге дейін Кривенко көшесі, 25а мекенжайында жинайды. Ал түскі ас кезінде көмектің бірінші партиясы көрші аймаққа жөнелтіледі.
Материалдық көмек
1. Бұл көмекті жинауды Ұлттық еріктілер желісі жариялады.
Жиналған қаражат эвакуацияланған елді мекендердің тұрғындарына және өртті сөндіретін мамандарға көмектесу үшін Семей еріктілеріне беріледі.
Ақшаны аудару үшін Kaspi Bank қосымшасын пайдалануға болады. Онда "Төлемдер" бөліміне өтіп, "қайырымдылық" тармағын таңдап, "Ұлттық еріктілер желісі" қызметін басу керек. Halyk Homebank қосымшасын пайдаланатындар алдымен "барлық төлемдер" бөліміне, содан кейін "қайырымдылық" бөліміне өтіп, "ұлттық еріктілер желісін" таңдауы керек.
2. Өрттен зардап шеккендер үшін "Қызыл Жарты Ай" гуманитарлық ұйымы көмек жинауды бастады. Еріктілер өрт сөндірушілердің өтініші бойынша су мен дайын өнімдерді тапсырып үлгерді.
Ұйымға қаржылай көмек беруге ниеттілер болса ақшасын олардың ресми сайтында "қайырымдылық" бөлімінде аударуға болады. Тағы бір әдісі Kaspi Bank қосымшасын пайдалануға болады. Онда "төлемдер" бөліміне өту, "қайырымдылық", содан кейін – "ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы" және "Қазақстандағы көмекті" таңдап, аударым сомасын көрсету керек.
Ұйымның Павлодардағы филиалы әзірге Семейдегі филиал өздері жағдайды реттеп жатқанын айтты. Егер павлодарлықтар Абай облысында зардап шеккендерге жергілікті "Қызыл Жарты Ай" арқылы көмектескісі келсе, онда ұйым "ТЖ-ға ден қою" деген белгісі бар аударым деректерін ұсынады және түскен қаражатты семейліктерге жібереді.
Бизнеске шақыру
"АТАМЕКЕН" кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы кәсіпкерлерді көмек қолын созуға шақырды. Онда кәсіпкерлерден өртпен күресіп жатқан өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және әскери қызметкерлерге көмек беру ұсынылды.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (775) 759 2662 (Ерғазы Айтқазин), 8 (747) 598 08 77 (Ақбота).