Павлодарлық мектепке оқушының қалай пышақ алып кіргені белгілі болды

Павлодарлық мектепке оқушының қалай пышақ алып кіргені белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мекеменің күзетіне жасалған ескертулер дер кезінде жойылмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, бүгін қалалық білім беру нысандарының қауіпсіздігіне арналған жиын өтті. 

№14 мектепте болған оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен орын алды. Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған., – дейді ол. 

Айта кету керек, білім беру мекемесі бұрын террористік лаңкестікке бейім нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған.

Өкінішке орай, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ. Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер бар. Бізге ұнамайтыны – мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қарт күзетшілерді тарту үрдісі қалыптасқан. Мектеп директорлары мен білім саласындағы шенеуніктердің оқушылармен болған келеңсіздіктерді жасыру әрекеттері бар, – деп наразылығын білдірді қала әкімі. 

Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен, нақты үйлестірілген жұмысы жоқ. 

Оны ұйымдастыру менің тапсырмаларымның бірі болды, – деп мойындайды Хасар Хабылбеков.

Оның айтуынша, бүгінгі жиынның нәтижесінде білім беру бөліміндегі қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің штатын кеңейту шаралары қабылданады, прокурорлар қолайсыз отбасылар мен агрессия танытатын балаларды бақылауға алады, ал, қала мектептерімен полицияның жедел уәкілдері «жұмыс жасайтын болады».

Қала басшысы алға қойған міндеттердің орындалуына сұраныс қатал болатынына кепілдік берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)