Павлодарлықтар Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатыса алады

Павлодарлықтар Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатыса алады
Константин Шелковтің иллюстрациялық фотосы

Шара ертең сағат 10:00-де басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі мәлімдеді.

- Жеңіс күніне орай «Ер есімі-ел есінде» атты еске алу шарасы өтеді. Жерлестеріміздің ерлігіне тағзым етудің жалпы атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды біріктіру мақсатында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған барлық мерекелік іс-шаралар «Жеңіс лентасы»  көк патриоттық лентасын жаппай алып жүрумен сүйемелдейді, - делінген хабарламада.

Павлодарлықтарды 9 мамыр күні, сағат 10:00-де Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысуға шақырады.