Павлодарда «Ұрылар» комедиясының премьерасы өтеді (ВИДЕО)
Жас драматург Қазбек Аманжолдың «Ұрылар» комедиясы әлеуметтік тақырыптарды көтереді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры әдеби бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбектің айтуынша, туындының негізі мақсаты – ар-намысқа адал болу, ұрлыққа жол бермеу.
– Салмақты сатира көрерменге ұрлықтың түбі жақсылыққа әкелмейтіні жайлы ой салып, қоғамда осындай келеңсіздіктерге жол бермеуді көздейді. Комедия шағын бір үйде болып жатқан оқиға желісі бойынша өрбиді. Бір үйге түскен екі ұрының іс-әрекеттері және соларды бақылап көріп жүрген мысықтың қылықтары күлкі сыйлары анық. Олардың екеуінің бірі кәсіби ұры болса, екіншісі еңбекақысын бермей қойған бастығының үйін тонау үшін шатасып, осы үйге түседі, – дейді Нұркен Тұрлыбек.
Ұрылар түскен үйге қожайынның келуі оқиғаны шиеленістіріп, қызықты ете түседі.
Премьераның өтетін күні мен уақыты: 26 мамыр, сағат 18:30-да, 27 мамыр, сағат 17:00-де.
Авторы: Қазыбек Аманжол
Режиссері: Әділет Ақанов
Қоюшы-суретші: Рауан Ұлықпан
Киім суретшісі: Дарияш Қасымова
Режиссер ассистенті: Темірлан Мұқатай
Билетті театр кассасынан немесе тикетон арқылы алуға болады.
Байланыс нөмірі: +7 (705) 343-33-05
Посмотреть эту публикацию в Instagram