Павлодарлықтар кітаппен алмаса алады
Кез-келген басылымды әкелуге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жасыл ел» облыстық штабының мәліметінше, «Darmarka» іс-шарасының қарсаңында кітап жинау науқаны басталды.
«Darmarka» – тегін сыйлықтар жәрмеңкесі. Мұнда әркім қолында барымен бөлісіп, өзіне қажет нәрсені ала алады.
«Жасыл ел» ұжымы қала тұрғындарын кітаптарға екінші өмір сыйлауға, басылыммен таныс емес адамдармен бөлісуге шақырды. Кітаптарды Лермонтов көшесі, 44, 9-кеңседе қабылдайды.