Павлодарлықтар маусымдық аллергияны қалай емдей алады
Өңірде аллергиядан үш мыңнан астам адам зардап шегеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Поллиноз- желмен тозаңданатын гүлді өсімдіктердің тозаңынан туатын кең таралған маусымдық созылмалы ауру. Дүние жүзінде әрбір оныншы адам аллергиядан зардап шегеді. Павлодар облысында аталмыш ауру бойынша үш мыңға жуық адам шағымданған .
– Мұрын шырышты қабығының қабынуынан түшкіру, мұрын бітелуі, жөтел, көздің қышуы сияқты симптомдар пайда болады. Ал, мұрынмен тыныс алудың қиындауы адамның өмір сапасына әсер ететін өте ауыр жағдай, – деді Семей медицина университетінің Павлодар облыстық педиатрия кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Қожанова.
Аллергияны емдеуді уақытында бастамаса, мұрыннан артық шырышты шығып ол толып түнде ісіну мен кептелуі асқынуларды тудыруы мүмкін. Ал, ол бронхтардың жоғары сезімталдығын, сенсибилизациясын және бронх обструкциясын тудыру қаупі бар. Мұның бәрі кейіннен бронх демікпесіне әкелуі мүмкін.
–Поллинозды емдеуді тек аллерголог анықтайды. Маманға барар алдында жалпы қан анализін, бөлінетін шырышты қабықтың сынамасын, риноциторнамма және жалпы иммуноглобулин Е (IgE) анализін тапсыру қажет, – деп түсіндірді Ақмарал Қожанова.
Дәрігер қосымша зерттеулерді анықтайды және тағамдық аллергендерді болдырмайтын гипоаллергенді диетаны тағайындайды. Сондай-ақ, маман симптомдарды жеңілдету үшін қабынуға қарсы немесе вазоконстрикторлы мұрын спрейлерін тағайындай алады.
Сонымен қатар, Ақмарал Қожанова Асит-Аллерген терапиясы туралы айтты.
Науқасты емдеу аллергиялық риниттің өршуінсіз басталады. Әдетте күздің аяғында және қыста, гүлденуден екі ай бұрын. Дәрігерлер адам ағзасына аллергендердің белгілі бір дозаларын таблетка немесе тері астына инъекция арқылы енгізеді. Препараттың дозалары біртіндеп артады және терапия кем дегенде бес жылға созылуы керек.
Толық емдеу курсынан кейін науқас ұзақ ремиссияны байқайды және аллергенге қарсы иммунитетке ие болады. Емдеу тек дәрігердің нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, аллергиядан қорғанудың бір жолы – аллергия маусымына дейін алдын-алу.