Павлодарда заңсыз есірткі сатқан қос азамат ұсталды
Күдіктілерден 33 грамнан астам синтетикалық есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйелді ұстады. Алдын ала анықталғандай, ұсталғанға дейін олар тыйым салынған заттарды құпия орынға тығып үлгерген.
- Оқиға болған жерді қарап тексерумен полицейлер есірткі заты бар орамдарды және зерттеуге бағытталған, сондай-ақ электронды таразылар мен бекіткіші бар пакеттерді қоса алғанда, буып-түюге арналған құрылғыларды алды. Полицейлер ұсталғандардан заңсыз айналымдағы барлығы 33 грамнан астам синтетикалық есірткі затын тәркіледі. Бұл аса ірі мөлшерге жатады, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын, сондай-ақ тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Күдіктілердің айтуынша, олар есірткіні интернет-ресурстары арқылы сатып алған.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.