Павлодарлықтар онлайн жоба арқылы ҰОС батырларын таба алады

«Батырларға тағзым» – Ұлы Отан соғысының ардагерлерін іздеуге арналған сайт, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жерден батырлар туралы ақпаратты тегі, аты, аймағы немесе марапаттары бойынша табуға болады.
Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн сайтқа кез келген адам өз ата-әжелерінің ерлігі туралы мәліметті жүктей алады. Соның арқасында сайт басқа оқырмандарға іздеу қызметі арқылы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің аты-жөні бойынша керек адамын тауып, ерлігі туралы мәлімет алу мүмкіндігін ұсынады.
Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады әрі ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.
Еске сала кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында соғыс ардагерлеріне бес миллион теңге төлеу жоспарланған.