Павлодарда қала көшелерін тазарту күшейтілген режимде жүргізілуде

Павлодарда қала көшелерін тазарту күшейтілген режимде жүргізілуде

Қар тазалығына 150 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, облыс орталығынан 4 мың тоннадан астам қар шығарылған. 

–  Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Таңертеңгі сағат 6:00-ден бастап қала көшелерінде қарды тазалайтын және шығаратын арнайы техникалар жұмысын жалғастыруда. Жол жиектерін, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалауға 200-ден астам адам жұмылдырылған, – деді әкімдікте. 

Қала көшелерінде 150 техника: 25 тиегіш, 10 трактор, 12 құм шашқыш, 49 сыпырушы техника және 8 ЗИЛ көлігі жұмысқа тартылған. 

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК Павлодар облыстық филиалы облыстан барлық бағытта республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазарту тұрақты негізде және көктайғаққа қарсы материалдар себу бойынша жұмыстар атқарылуда. Жұмысқа 51 жол техникасы және 150 адам жұмылдырылды.

Фото: ашық дереккөздерден