Павлодарлықтар сенбілік жәрмеңкеде сауда жасай алады

Павлодарлықтар сенбілік жәрмеңкеде сауда жасай алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жергілікті тауар өндірушілер қолжетімді бағамен ет, сүт өнімдері, көкөністер және бал ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1 ақпан күні өтетін жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Сатып алушылар үшін келесі өнімдер ұсынылады:

  • сиыр еті – 1 келісі 1700-2300 теңге;
  • жылқы еті – 2300-2500 теңге;
  • қой еті – 1900-2100 теңге;
  • шошқа еті – 1800-2000 теңге;
  • 1-сұрыпты жұмыртқа (ондық) – 490 теңге;
  • шикі сүт (1 литр) – 200 теңге;
  • бал (1 келі) – 2000-2500 теңге;
  • картоп – 110 теңге;
  • сәбіз – 80 теңге;

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавтов пен Торговая көшелерінің қиылысында) өтеді.

Сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз қаласындағы «Народный» базарында, Ақсу қаласындағы «Saryarqa» фермерлік базарында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.