Павлодар облысы қысқы көмір қорын толықтыруда

Павлодар облысы қысқы көмір қорын толықтыруда
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Тұрғындар үшін отын жеткізу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алдағы жылыту кезеңінде облысқа шамамен 660 мың тонна қатты отын жеткізу жоспарланған. Оның 245 мың тоннасы бюджеттік ұйымдарға, 410 мың тоннасы халыққа бағытталады.

Қазіргі таңда бюджеттік ұйымдарға жоспарланған көмірдің 170 мың тоннасы жеткізілді. Бұл – қажетті көлемнің 70 пайызы.

Отын тапшылығына жол бермеу және бағаның күрт өсуін болдырмау мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ірі көмір өндіруші кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжат жыл соңына дейін күшінде болады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаиповтың айтуынша, меморандум аясында тұтынушылардың әр санаты үшін көмір бағасы белгіленген.

– Қазіргі кезеңде «Майкубен Вест» кәсіпорны бойынша бюджеттік ұйымдар үшін баға тоннасына 8837 теңгені, ал халық үшін 9612 теңгені құрайды. «Богатырь Көмір» разрезінің көмірі тек бюджеттік ұйымдарға арналған, халыққа іс жүзінде сатылмайды. Мемлекеттік мекемелер үшін оның құны 5812 теңгені құрайды, – деді Ержан Иманзаипов.

Ал «Богатырь Көмір» разрезінің өнімі негізінен бюджеттік ұйымдарға арналған. Кәсіпорын көмірін тұрғындарға сату іс жүзінде жүргізілмейді.

Облыста жылыту маусымына дайындық жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі уақытта 473 автономды қазандық пен 2494 көппәтерлі тұрғын үй жылу беруге әзірленген.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысында жылыту маусымын ауа райына байланысты әдеттегіден ертерек бастау мүмкіндігі қарастырылуда.