Павлодарлықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

Павлодарлықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

Онда заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шара 26 мамыр күні бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, сізге заң тұрғысынан көмектесетін болады. Мұнда құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығы келіп, тегін ақыл- кеңес алуына болады.

Акция Павлодар қаласы, Ломова көшесі, 38 үйде 26 мамыр күні сағат 17:00- де болады.

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастыруда.