Павлодарда жылу беру параметрлері төмендетілді
Дегенмен жылу беру толығымен ажыратылмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қысқы параметрлерді реттеу жұмыстары жүргізілуде. Тәулік ішінде параметрлер реттеледі.
– Осыған байланысты оңтүстік желілік ауданда орналасқан үйлер мен ұйымдарда жылумен жабдықтау параметрлері төмендетіліп, уақытша ыстық сумен жабдықтау тоқтатылды. Бүгінгі күні жұмыстар аяқталады, жылумен және ыстық сумен жабдықтау іске қосылады, параметрлер қалпына келтіріледі, – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік. 9 қараша күні ЖЭО-1-дегі технологиялық жұмыстарға байланысты келесі мекенжайларда параметрлер төмендейді: 29 қараша көшесі – Ак. Шөкин – Ломов көшесі – Ворушин көшесі. Сондай-ақ Усолка, Саяжай, Достық, Сарыарқа, Екінші Павлодар, Шығыс, Зеленстрой, Шығыс өнеркәсіп аймағы шағын аудандары.