Павлодарлық жас суретшілер экобайқаудың жеңімпаздары атанды
Жалпы шығармашылық байқауға 11 жұмыс жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Құс қоңырауы - 2024» балалар суреттерінің XIV республикалық экологиялық байқауы өтті. Сайыстың ұйымдастырушысы Ақсу қаласының балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубы.
Байқау «Құс қанатымен, ал адам достығымен мықты» тақырыбына негізделді. Аталған тақырып бойынша Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің бес жастан 16 жас аралығындағы оқушылары мамыр айында байқауға 11 шығармашылық жұмыс ұсынған болатын. Сайыс қорытындысы бойынша I орынды гуашь техникасында салынған «Достық қанатында» суреті үшін Полина Васина иеленсе, II орынға гуашь техникасындағы «Ұшып үйренеміз» суретімен Мария Бубнова ие болды. Қалған қатысушылар байқау сертификаттарын алды, ал жеңімпаздардың жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды