Павлодарда ХҚКО-да жарылғыш құрылғы салынғаны туралы ақпарат таратқан адам ұсталды
Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік корпорацияның Павлодар облысы бойынша филиалы 13 тамыз күні таңертең көрсетілетін қызметті алушы Павлов көшесі, 48 мекенжайында орналасқан ХҚКО ғимаратында жарылғыш құрылғы салынғанын хабарлады.
– ХҚКО басшысы жедел түрде 102 қызметін шақырып, барлық қызметкерлер мен тұрғындар эвакуацияланды. ХҚКО ғимараты қоршауға алынып, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері оқиға орнында болды. Саперлер тінту жүргізді, бірақ жарылғыш құрылғы табылмады. Жалған ақпарат таратушыны полиция департаментінің қызметкерлері ұстады, – деді мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы қалпына келтірілді, келушілерді қабылдау штаттық түрде жүзеге асырылады.