Павлодарлықтар үшін жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау қайта басталды

Павлодарлықтар үшін жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау қайта басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Техникалық ақау толық жойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы мәлім еткендей, Космонавтар көшесі, 2 мекенжайындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан қабылдау қайта қолға алынды.

– Бұған дейін жұмыс уақытша тоқтатылуына себеп болған техникалық ақаулар толықтай жойылды. Қазіргі уақытта мамандандырылған ХҚКО қалыпты режимде жұмыс істеп, емтихан қабылдау әдеттегі тәртіппен жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Ведомство тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабыр танытқаны үшін алғыс білдірді.