Павлодарлықтар Ұлттық домбыра күнін қалай атап өтеді?

Павлодарлықтар Ұлттық домбыра күнін қалай атап өтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындары мен қонақтарын концерттер, музыкалық кештер және шығармашылық бағдарламалар күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5 шілде күні облыс орталығында қазақ мәдениетінің басты рәміздерінің бірі – Ұлттық домбыра күніне орай мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Тақырыптық іс-шаралар қалада ғана емес, ауылдық аймақтардағы мәдениет үйлерінде де өтеді.

Павлодар қаласы:

12:00-де  Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Шаңырақ сазы» атты концерт өтеді.

14:00-де орталық мәдениет және демалыс саябағында «Қасиетті домбыра» атты мерекелік концерттік бағдарлама

15:00-де өнерпаздар Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығының келушілеріне өнер көрсетеді.

15:00-де орталық қалалық кітапханада «Қазақ даласын тербеген күйлер» атты музыкалық кеш.

19:00-де Ertis Promenade сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған үлкен концерт.

Ақсу қаласында:

11:00-де  орталық кітапханада «Домбыра - ұлт үні» атты әдеби-музыкалық кеш.

Екібастұз қаласында:

11:00-де  «Атамұра» МО «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» концерт. 

Сонымен қатар, 5 шілде күні сағат 11:00-де «Домбыра үні шарықтасын!» музыкалық акциясы басталады. Ұлттық аспаптың үні орталық қалалық кітапханада, «Шаңырақ» орталығында, Теміржолшылар шағынауданы клубында, сондай-ақ Атамекен, Кенжекөл, Павлодар, Мойылды және Жетекші ауылдарының мәдениет үйлерінде шырқалады.

Сағат 12:00-де мерекелік шаралар эстафетасын Жаңаауыл шағынауданы клубы мен Павлодардың орталық алаңы қабылдайды. 

Мереке қарсаңында облыстың ауылдық аймақтарындағы мәдениет үйлерінде де тақырыптық іс-шаралар өтеді. Қонақтарға «Домбыра – ұрпақ мұрасы» танымдық-шығармашылық бағдарламасы, «Домбыра – халық даналығы» музыкалық-танымдық бағдарламасы, «Домбыра – менің өмірім» күй кеші және «Домбыра сазы» шығармашылық үйірмесі қатысушыларының есептік концерті ұсынылады.