Павлодарлықтар өз жұптарын көбінесе интернет арқылы іздейтін болып шықты

Павлодарлықтар өз жұптарын көбінесе интернет арқылы іздейтін болып шықты
Фото: Константин Шелков

 Picodi сарапшылары жаңа зерттеу жүргізіп, қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Сараптама нәтижесінде іздеу сұрауларының статистикасы соңғы жылдары елімізде үш өңірдің тұрғындары желі арқылы жиі жұп таңдайтынын көрсеткен.  Бұл – Павлодар, Қарағанды және Алматы өңірлері. Аталған аймақтардың тұрғындары танысу сайттарын республика бойынша жиі пайдаланатын болып шықты.

Қызылорда, Шымкент және Тараз тұрғындары бұрынғыша ескі әдіспен танысқанды жөн көреді. Бұл  өңірлерде танысу сайттарына қатысты сұраныстар аз тіркелген.

Зерттеуге Ақтаудан басқа (мәліметтердің жоқтығына байланысты) Қазақстанның 200 мыңнан астам халқы бар қалалары енгізілді.