Павлодарлықтарды ақ пен көк киюге шақыруда
Мұны орталық стадионда іске асыруға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс» футбол клубының басшылығы мен маркетологтары уәде еткендей, аты аңызға айналған еліміздің бес дүркін чемпиондарының атрибутикасы жанкүйерлер үшін қолжетімді болды. Клуб баспасөз қызметі фанаттарға арналған өнімдерді матч өткізілетін күндері табло маңындағы сауда орнынан сатып алуға мүмкіндік бар.
Онда команданың көк пен ақ түсті фирмалық жейделері, клуб тулары мен машинаға іліп қоятын вымпелдер саудаланады. Айта кетейік, «Ертістің» ойын формаларын биыл «Kelme» атты испан өндірушісінен тігілді.
«Kelme» – 1963 жылы негізі қаланған испан спорт киім-кешегін өндіруші компания. Фирма футболдан Босния және Герцеговина құрамасы, сондай-ақ «Эспаньол», «Уотфорд» және «Боавишта» секілді белгілі клубтардың киім өндірушісі болып табылады.
Келесі кездесуді «Ертіс» өз алаңында «Ақсуға» қарсы өткізеді. Павлодарлық дерби 2 шілдеде сағат 19.00-де орталық стадионда басталады. Кіру тегін.