Павлодарлықтарды экологиялық тимбилдингке шақырады

Павлодарлықтарды экологиялық тимбилдингке шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сенбілікке қатысушылар үшін әртүрлі сайыстар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Жасыл ел» штабының мәліметінше, 12 тамызда таңғы сағат 9.00-де  Усолка шағын ауданында (автомобиль көпірінен өткенде, сол жаққа) экологиялық тимбилдинг өтеді. Дресс код – жасыл түстес киіммен келу. 

– Қазіргі таңда өмір қарқыны, қалалық жанталас тірлік және технологиялар қымбат уақытымызды алған кезде табиғатпен байланысымыз ерекше маңызды болып келеді, – деп жазды хабарламада. 

Тимбилдинг тек ойын-сауық сипатында ғана емес, сонымен қатар пластикті пайдалануды азайту, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратуға бағытталған. Сондай-ақ тұрғындарға өнімдерді саналы түрде тұтыну және экологиялық таза материалдарды пайдалану тәжірибесі туралы ескертетін болады.

– Пикникке қатысушылар Усолка шағын ауданы аумағына барады. Онда экологиялық ойындар мен жеке және топтық конкурстар өткізіледі, қатысушылар осы іс-шарада жаңа достар таба алады деген үміттеміз, –делінген хабарламада. 

«Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар отрядтарының Павлодар штабы бұл іс-шараны неғұрлым дербес және бейресми форматта өткізеді.