Павлодарлықтарға сәнді және стильді шаш үлгілерін жасауды үйретеді
Шеберлік сағаты «Creative Lab» жобасының аясында өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 11:00-де шаш стилисі @janara001_ эксклюзивті тегін мастер-класс ұйымдастырады.
– Бұл мастер-класта сіз әдемі және стильді шаштар жасаудың барлық құпияларын білесіз. Біздің сұлулық индустриясында көп жылдық тәжірибесі бар hair-стилист сіздермен өзінің ерекше әдістерімен бөліседі. Сіз әртүрлі сәндеуді, тоқуды және шаш аксессуарларын жасауды үйренесіз, – делінген хабарламада.
Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.
Жазылу үшін +7(747)257-76-24 телефон нөміріне хабарласуға болады.