Павлодарлықтарға үздік заңгерлер кеңес береді

Павлодарлықтарға үздік заңгерлер кеңес береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар құқықтық мәселелерді шешуге көмек етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

30 мамыр күні сағат 17:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізіледі. Оның шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз, – деді облыстық әділет департаментінде.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі.