Павлодарға Тимур Турлов келді
Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры өңірге аймақ басшысының шақыруымен келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов келді. Ірі инвестициялық топтардың бірінің басшысы аймаққа облыс әкімі Асайын Байхановтың шақыруымен келді.
- Павлодар өңірінде кәсіпкерге өнеркәсіптік және аграрлық-азық-түлік бағыттарындағы инвестицияларды дамыту перспективалары көрсетілді, тұрғын үй құрылысын дамытудың басым бағыттары таныстырылды, - делінген хабарламада.
Қазақстан шахмат федерациясының басшысы ретінде Тимур Турлов Павлодар шахмат үйіне барып, осы күндері облыс орталығында өтіп жатқан «Л.А. Блудова мемориалы» оқушылар арасындағы классикалық шахматтан 11-ші облыстық турнирдің жас қатысушыларын құттықтады.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев