28 наурызда Павлодар облысында қалың тұман болады
Күндіз сынап бағанасы көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.
Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші секундына 5-10 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 15-17 градус жылы болады.