Полицейлер павлодарлықтарға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін еске салуда

Полицейлер павлодарлықтарға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін еске салуда
Фото: Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі

Қауіптілігі жоғары объектідегі ойындар мен назардан тыс қалу – балаларды жарақаттаудың басты себептерінің бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары жаяу жүргіншілер көпірлерін, тоннельдерді, төсемдерді пайдалана отырып, жақындап келе жатқан поездың немесе маневрлік локомотивтің жоқтығына көз жеткізіп, бағдаршамның рұқсат беретін сигналына белгіленген орындарда темір жолдарды өту жеке қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар платформаларында, теміржолдардың маңында балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Балаларды қолыңызда алып немесе жетектеп жүрініз. Қауіптілігі жоғары объектідегі ойындар мен назардан тыс қалу – балаларды жарақаттаудың басты себептерінің бірі, – деп ескертеді тәртіп сақшылары.

Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін аумағында 2024 жылдың басынан бері келесі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды:

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі бойынша (темір жолдар арқылы белгіленбеген жерлерде өту) – 1303 материал;

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша (темір жолдарға бөлінген белдеуде мал жаю ережелерін бұзу) – 62 материал.